деп хабарлайды ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі.
Мемлекеттік энергетикалық бақылау және қадағалау комитетінің мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда Қазақстанның Бірыңғай энергетиалық жүйесі электр стансыларының негізгі құрылғыларын жөндеуден өткізу кестесіне сай 11 энергоблокты, 61 энергетикалық қазандықты, 56 турбинаны күрделі және ағымдағы жай жөндеуден өткізу көзделген. 6 электр блоктың, 11 қазандық және 11 турбинаның жөндеуі аяқталды.
Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологияр министрі Әсет Исекешев алдағы жылу беру маусымына дайындықты бақылауды министрлік тарапынан күшейту керек екенін атап өтті.