Ә. Исекешов: ҚазАқпарат тарихы - бұл халық пен мемлекеттің тарихы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев «ҚазАқпарат» ХАА ұжымын 95 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Құрметті «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің ұжымы!

Сіздерді «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің 95 жылдығымен құттықтаймын.

Осы жылдары кәсіби ұжымның арқасында агенттік отандық үздік бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде лайықты орынға ие болды, ел мен әлемдегі қалың аудитория ішінде әйгілі болды.

«ҚазАқпарат» журналистика негізін салғандардың дәстүрін жалғастыра отырып, бүгінгі заманның талабына да жауап береді.

Ақпараттың жеделділігі, шынайылығы, қол жетімділігі - бұл сіздердің, «ҚазАқпарат» ұжымы жұмысының сипаты.

Елдің басты ақпарат агенттігінің тарихы - бұл халық пен мемлекеттің тарихы. Сіздің ресурсыңыздың жаңалықтар таспасы - бұл елдің мемлекет ішіндегі және халықаралық аренадағы құбылыстарының айнасы. Жаһандық ақпарат кеңістігінде елімізді таныстыратын «ҚазАқпарат» «Ақпараттық дипломат» атану құқығына ие.

Агенттік ұжымына денсаулық, береке, тұрақтылық, жаңа шығармашылық жетістіктер, қызықты әрі жемісті жұмыс тілеймін!

ҚР Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев