А. Қарашев ҚР-дың Чехиядағы Елшісі қызметінен босатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұлсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Анарбек Бақтығазыұлы Қарашев Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабаралды.