А.Кебісбаев келесі айналымда венесуэлалық палуанмен белдеседі

None
АСТАНА. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Лондон Олимпиадасында 60 келі салмақ санатында грек-рим күресінен боз кілемге шығатын Алмат Кебісбаевтың 1/8 финалдағы қарсыласы белгілі болды.

Ол венесуэлалық - Люис Игнасио Лиендо. Боз кілемдегі белдесу шамамен 1 сағаттан кейін өтеді. Естеріңізге сала кетейік, біздің палуан алғашқы айналымда украиндық қарсыласы Ленур Темировты айқын басымдықпен жеңген.

1987 жылдың  12 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында дүниеге келген бұл балуанымыз қазіргі уақытта елорда атынан өнер көрсетеді. Ол Қазақстанның бірнеше мәрте чемпионы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, жеңімпазы, Иван Поддубный атындағы Гран-придің иегері, Мәскеуде өткен әлем чемпионатының күміс, Ыстамбұлда өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.