Елбасы өз сөзінде әрбір мемлекеттік қызметші өз ісінің кәсіби шебері, адал, бастамашыл, ұлтшыл, ар-ожданы жоғары, кішіпейіл, халыққа қызмет етуге жан-тәнімен берілген болуы тиістігін баса айтты. «Сіздер әркезде де кейбіреулер айтып жүргендей, «А» корпусы қандай да бір элита емес, бұл халықтық қызмет екендігін есте сақатуға тиіссіздер», - деді Н.Назарбаев.
Сонымен қатар ҚР Президенті «А» корпусына кірген шенеуніктерге еш уақытта халық қызметшілері екендіктерін ұмытпауды баса айтты.