«А» корпусы - ерекше элита емес, ол халыққа қызмет ететін әрі мемлекетке берілген, оның мүддесін қорғайтын адамдар - Ғ.Әбдірахымов

АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - «А» корпусы - ерекше элита емес, ол халыққа қызмет ететін әрі мемлекетке берілген, оның мүддесін қорғайтын адамдар. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Ғабидолла Әбдірахымов айтты.

«17 қазанда Мемлекет басшысы «А» копусының толық құрамымен кеңес өткізіп, олардың алдына бюрократизм мен сарсаңға салуды төмендету, мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін арттыру, мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту, әдепті қатаң сақтау және жемқорлықпен күрес бойынша міндеттер жүктеді», - деді Ғ.Әбдірахымов.

Сонымен қатар ол Елбасының: «А» корпусы - ерекше элита емес, ол халыққа қызмет ететін әрі мемлекетке берілген, оның мүддесін қорғайтын адамдар», деген сөзін тағы бір еске салды.