«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2014 жылдың 21 наурызы мен 26 наурызын қоса алған кезеңде сағат 10.00-18.00 дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-14.30 дейін) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің орталық аппаратында және аумақтық департаменттерінде жүргізіледі», - делінген хабарламада.
Атап айтқанда, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департтаменттері құжаттарды биылғы 13-і мен 28 наурызды қоса алған кезеңде қабылдайды. Үміткерлердің көпе-көрнеу жалған ақпаратты және құжаттарды ұсыну фактілерінің анықталуы оларды іріктеудің кез келген кезеңінде шығаруға негіз болып табылады.