"Iрiктеу ережелерiнде өзгерiстер болады. Шамамен 15 өзгерту дайындалды, оның басым бөлiгi үмiткерлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарына қатысты. Бiз лауазым қызметтерге жеке көзқараспен қарайтын болдық. Жауапты хатшы, комитет төрағасы сынды басшылық қызметтерi бар, Премьер-Министр Кеңсесiнiң бөлiм жетекшiсi, ҚР Президентi Әкiмшiлiгiнiң сектор меңгерушiсi сынды талдамалық жұмысты талап ететiн лауазымдар бар. Сондықтан қызметтiң ерекшелiктерiне сай, бiлiктiлiк талаптарына қатысты ережелердi өзгертетiн боламыз", - деп атап өттi Ғ. Әбдiрахымов.
Ережелердегi өзгерiстер жақын уақыттары жарияланады.