АСТАНА. 21 мамыр. ҚазАқпарат - 20 мамырда тестілеудің өткен қорытындысы бойынша 167 кандидаттың 92-сі Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуді табысты тапсырды. Заңнаманы білуіне шекті мәннен 75 кандидат немесе тестілеуге қатысушылардың жалпы санынан 44 % өтпеді. Заңнаманы білуіне тестілеуден өткен кандидаттар жеке және басқарушылық құзыреттерін (әдептілік, коммуникативтілігі, бәсекеге бағдары және сапаға бағдарын) анықтау тестіне жіберілді. Екінші күні кандидаттар логикалық вербальды емес тесттен (Равенна кестесі) және мемлекеттік тілді білуіне тесттен (ҚАЗТЕСТ) өтеді.
Тестілеу кестесі, нормативтік-құқықтық актілер тізбесі, сондай-ақ "А" корпусының кадр резервіне іріктеу ережесі Агенттіктің www.kyzmet.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Бұдан ерте хабарланғандай, кандидаттар Қазақстан Республикасының заңын білуіне он компьютерлік тестілеуден өтеді. Бұл ретте шекті деңгейді еңсеру үшін кандидаттар әрбір заң бойынша мүмкін болатын 10 сұрақтың 7-не дұрыс жауап беруі қажет.
Айта кетейік, кандидаттарды тестілеу 15 мамырдан бері жүріп жатыр. Жалпы «А» корпусының кадр резервіне 2024 кандидаттан, олардың арасында мемлекеттік қызмет атқаратын да мемлекеттік қызмет атқармайтын да кандидаттардан құжаттар түсті.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.