«А» корпусына қабылдау кезінде құжат тапсырғандардың 14 пайызға жуығы қыз-келіншектер болды. Ал сынақтан өткендердің жалпы пайызын есептегенде, қыз-келіншектердің үлесі 18-19 пайызға көтерілген болып шықты. Яғни, «А» корпусына іріктеу кезінде біліктілік жағынан қыздар жақсы көрсеткіш көрсетті. Барлығы дерлік тестілеуден құламай, аман-есен өтті. Жігіттер жағын өздеріңіз де білесіздер, көбісі құлады, әр түрлі жағдайлар болды», - деді ол.
Сондай-ақ, төрайымның айтуынша, биылдан бастап ауыл әкімдерінің сайлауы болды. Жалпы республика бойынша 2450 ауылға әкімдер сайланып, оның ішінде 11 пайызын нәзік жандылар құрады.
«Осы сайлаудан кейін біз Батыс Қазақстан облысында және Оңтүстік Қазақстан облысында барлық ауыл әкімі болып сайланған қыз-келіншектерді жинап үлкен семинар өткіздік. Сонда біздің байқағанымыз, қыздар өте белсенді әрі білімдері жоғары екен», - деді Г. Әбдіқалықова.