Заңнаманы білуіне тестілеуден өткен кандидаттар жеке және басқарушылық құзыреттерін (әдептілік, коммуникативтілігі, бәсекеге бағдары және сапаға бағдарын) анықтау тестіне жіберілді. Екінші күні кандидаттар логикалық вербальды емес тесттен (Равенна кестесі) және мемлекеттік тілді білуіне тестілеуден (ҚАЗТЕСТ) өтеді.
«А» корпусының кадр резервіне кандидаттарды тестілеу 2013 жылдың 27 мамырына дейін созылады. Тестілеу кестесі, нормативтік-құқықтық актілер тізбесі, сондай-ақ "А" корпусының кадр резервіне іріктеу ережесі Агенттіктің www.kyzmet.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Бұдан бұрын хабарланғандай, кандидаттар Қазақстан Республикасының он заңын білуіне компьютерлік тестілеуден өтеді. Бұл ретте шекті деңгейді еңсеру үшін кандидаттар әрбір заң бойынша мүмкін болатын 10 сұрақтың 7-не дұрыс жауап беруі қажет.
Естеріңізге сала кетейік, «А» корпусының кадр резервіне 2024 кандидаттан, яғни олардың арасында мемлекеттік қызмет атқаратын да мемлекеттік қызмет атқармайтын да кандидаттардан құжаттар келіп түсті.