деп хабарлайды BNews.kz Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Егерде, үміткерлер біліктілік талаптарына сай болса, заңнаманы білу деңгейін, логикалық ой деңгейін анықтаудан, басқару құзырын айқындаудан, сондай-ақ, мемлекеттік тіл білу деңгейі бойынша тестілеуден өтеді», - делінген ақпаратта.
Мәселен үміткерлердің қатарында ҚР ҚОҚМ жауапты хатшысы Анатолий Дерновой, Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Серікбол Мусинов және Конституциялық сот аппаратының басшысы Әлібек Темірбеков бар.
Тестілеуден оң нәтиже алған үміткерлерге қатысты кадрлық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп әңгімелесуге кіру рұқсаты туралы шешім қабылдайтын болады.
Әңгімелесуден өтудің графигі Кадрлық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясында үміткерлермен Ұлттық комиссияның жұмыс органымен құрылатын болады.
Үміткерлердің толық тізімі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің www.kyzmet.gov.kz интернет-ресурсында «А» корпусына «Құжаттарды қабылдау» айдарында орналастырылған. Сондай-ақ, «А» корпусына кадрлық резервке тапсыруға қажетті құжаттардың тізімі де осы сайтта жарияланған.