АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2013 жылғы 3 мамырдағы жағдай бойынша «А» корпусының кадр резервіне 1 546 адам құжат тапсырғанын хабарлайды
«Түскен құжаттарды өңдеу шаралары бойынша "А" корпусының кадр резервіне үміткерлердің тізімі Агенттіктің www.kyzmet.gov.kz интернет-ресурсында жарияланады»,-делінген агенттік мәліметтерінде.
Атап айтқанда, құжаттарды қабылдау 2013 жылғы 3 мамырға дейін, сондай-ақ іріктеу ережесі Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылған.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.