Академия шетелдердің жетекші ғылыми орталықтарының инновациялық технологияларын негізге алып, «А» корпусын оқыту үшін іргелі іс-тәжірибеге сүйенетін онлайн режимінде оқытудың модулін құрастырды. Соған сәйкес,академия өзінің қазіргі коммуникациялық жабдықтарын пайдалана отырып, «А» корпусының басқарушыларына Қазақстан Республикасындағы стратегиялық жоспарлау мен бюджеттеу, мемлекеттік органдардағы кадрлар менеджменті, басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен қабылдау пәндерін зерделеу бойынша инновациялық білім технологиялары саласына енуге мүмкіндік береді.
Оқытудың соңғы кезеңінде академияның профессор-оқытушылар құрамы курстың тыңдаушылары үшін басшының жеке тиімділігі бойынша бірқатар тренингтер өткізуді жоспарлап отыр.
«Сондай-ақ оқыту үдерісінде практикалық құрамдас бөлігі оқитындар үшін кейстер дайындау түрінде айқындалатын болады. Кейстермен жұмыс «А» корпусына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге командамен жұмыс істеу, тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау, ақпарат көздерімен және қатаң уақыт шеңберінде жұмыс істей білу дағдыларын көрсетуіне мүмкіндік береді» делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.