«Бүгінгі Орталық сайлау комиссиясының отырысына 2 сұрақ енгізіліп отыр. Оның бірі Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайыновты ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы», - деді отырысты ашқан ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.Осыдан кейін қаулы жобасын таныстыру үшін сөз ҚР ОСК хатшысы Бақыт Мелдешевке берілді. «Бүгін сіздердің назарларыңызға Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайыновты Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы қаулы жобасын ұсынып отырмыз. Қаулы бойынша бірінші, Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркелсін. Екінші, Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайыновқа Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттың куәлігі берілсін. Үшінші, Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайыновты Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы қоса беріліп отырған хабар бұқаралық ақпарат құралдарына жариялансын», - деді Б.Мелдешев. Оның атап өтуінше, кезектен тыс президенттік сайлауға өзін-өзі ұсынған Әбілғазы Құсайынов сайлаушылардың 132152 расталған қолын жинаған. ҚР ОСК мүшелері қаулы жобасын бірауыздан қолдады.
14:45, 18 Наурыз 2015
Ә.Құсайынов президенттікке кандидат ретінде тіркелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда Әбілғазы Құсайыновты Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы қаулы қабылданды.