А.Лукашенко Беларусь Үкіметінен Ресеймен валютамен есептесуді талап етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Александр Лукашенко Беларусь Үкіметінен Ресеймен доллар немесе еуро валютасында есеп айырысуды талап етуде. Бұл туралы ол бүгін экономикалық мәселелер бойынша жиында мәлім етті, деп хабарлады БЕЛТА.

«Соңғы кездері «Ресей рублі құлдырап, біз шығынға ұшырадық, өйткені біздің экспорттың 40%-ы сонда» деген сөздерді жиі естимін, - дейді Беларусь Президенті. - Мұндай жағдайда екі серіктесіміз - Ресей мен Украинада осындай мәселелер туындағандықтан, амалымыз қанша? Алайда әр мәселенің өз шешімі бар. Бір жерде шығындансақ, пайданы өзге жерден іздестіру керек». Мәселен, өзіндік құнды қысқартудан, деді А.Лукашенко. «Жағдайымыз жақсы болып тұрғанда, алдағы уақытта да солай болады деп ойлаймыз. Еңбектенуіміз керек. Үкіметте күн сайын маған азық-түлікке қатысты баяндама жасайды. Ресейлік тұтынушылардың рубльмен төлем жасауы бойынша туындаған мәселе жоқ. Бір доллардың рубльге шаққандағы құны 70-ке дейін құлдырады. Біз осы бағаны кепілге салдық. Алдын-ала төлем бойынша жұмыс істейміз, сондықтан осылай болатыны заңды». «Мәселен, біз энергия ресурстары үшін Ресейге рубльмен емес, доллармен төлейміз. Бұл Ресей Үкіметінің жұмысындағы кемшілік - бұрыннан олардан доллар немесе еуро валютасында төлем жасауды талап ету керек еді. Үкімет бұл алға жылжығанын айтты. Біздің өнімді Ресейде сатып алатындар доллар валютасында төлейтін болды. Егер рубльмен есеп айырысатын болса, бүгінгі күннің, сол сағаттағы бағамды назарға ала отыра төлейді», - деп атап өтті Беларусь Президенті.