Олар рейтингіні анықтауда қаржы институтының көлемдік көрсеткішін («Financial Size Category») ескерді. Бұл көрсеткіш бизнес көлемі мен компанияның қаржылық мүмкіндіктерінен хабар береді. Онда «Еуразия» СК 9 деңгейге көтерілді. Аталған несие рейтингісі ТМД және Орталық Азия мен Солтүстік Еуропадағы сақтандыру компанияларының арасында тек «Еуразия» сақтандыру компаниясына беріліп отыр.
Компания Standard & Poor's халықаралық агенттігі тарапынан да ұзақ мерзімдік несие рейтингі мен қаржылық тұрақтылық рейтингі «ВВ» деңгейінде тұрақты және ұлттық kzA бағаны бойынша нақтылаған Қазақстандағы бірден-бір жекеменшік қаржы институты болып табылады. A.M. Best сарапшыларының пікірінше, тәуекелдерді тиімді басқару, жоғары деңгейлі андеррайтинг пен сауатты түрде әртараптандырылған сақтандыру қоржыны «Евразия» сақтандыру компаниясының отандық нарықтағы жетекші ұстанымын сақтап қалуына мүмкіндік береді.