Кездесу барысында қос тараптың бірлесе жұмыс істеудегі өзекті мәселелері талқыланып, «Байқоңыр» кешенінің даму болашағы жайлы пікірлер қозғалды.
Кездесуде сонымен қатар, «Бәйтерек» жобасын жүзеге асыру, Байқоңыр қаласын дамытудың ұзақ мерзімдік бағдарламасы, «Байқоңыр» кешеніндегі әріптестікті жалғастыру бойынша шоғырланған жоспарларды іске асыру, ғарыш айлағындағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірлескен бағдарламаларды қаржыландыру, кешендегі әуежай мен әуе қозғалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды.
«Бәйтерек» ғарыш зымыран кешені жобасын іске асыру жұмыстары да бүге-шігесіне дейін талқыланды. Кездесу соңында тараптар тиісті хаттамаға қол қойды.
А. Мамин и Д. Рогозин обсудили вопросы развития комплекса «Байконур»