«Бізде Норвегияда өтетін олимпиадалық іріктеу турнирі бар. Төрт команданың арасында тек біреуіне ғана 2018 жылы Кореяда өтетін олимпиадаға жолдама беріледі. Басты міндет - осы жолдамаға қол жеткізу. Қазір демалыс маусымы екендігін ескерер болсақ, уақыт тым аз ғана қалды. Маусымды есепке алмасақ та болады, сонда шілде мен тамыз ғана. Бұл олимпиадалық іріктеу турниріне дайындықтың 1,5 айы десек те артық емес», - деді А.Мамин.
Айта кетерлігі, қорытынды отырыс барысында қазақстандық құраманың Ресейде өткен әлем чемпионатындағы өнеріне жан-жақты талдау жасалды. Оның барысында Қазақстан командасы ойын өрнегіндегі объективті, сонымен бірге субъективті кемшіліктер ашық айтылды.