«Министрліктің талдауы барысында кооперацияның дамуын тежейтін келесі кедергілерді анықтады. Біріншісі, бұл коммерциялық емес ұйым түрінде құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтерде табысты бөлу мүмкіндігінің жоқтығы. Екіншісі, шектен тыс нормативтік-құқықтық реттеу. Үшіншісі, су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативтері және ауыл шаруашылығы серіктестері үшін арнаулы салық режімі бар заңдағы жеңілдіктерді пайдалану мүмкін емес. Төртіншісі, кооперативтер қызметінің айқын еместігі, бір-біріне сенімсіздік, кооператив мүшелерінің алдау қаупі сияқты жағдайларды тудыруы мүмкін. Бесінші, ішкі рәсімдердің шектен тыс реттелуі және алтыншы себеп, бұл - заңды тұлғалардың өндірістік кооперативтерге қазіргі жағдайда қатысуы мүмкін еместігі», - деді министр. Оның атап өтуінше, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту және жоғарыда аталған кедергілерді жоюшы жағдайлар жасау мақсатында министрлік «Ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы» ҚР Заңын және «Қазақстан Республикасының кейбір зңнамалық актілеріне ауыл шаруашылығы кооперациясы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын әзірлеген. Сонымен қатар министр өз сөзінде жаңа заң жобасының жаңалықтарын да атап өтті. «Бірінші, бұл - ауыл шаруашылығы кооперативі мәртебесін коммерциялық емес разрядтан коммерциялық разрядқа ауыстыру. екіншісі, бұл - ауыл шаруашылығы кооперативінде пайданы бөлу мүмкіндігі. Үшінші, кооперативтердің ревизиялық одақтарға мүшелікке өту мүмкіндігі. Төртінші, кооперативтердің жылсайынғы ішкі аудитын жүргізу мүмкіндігі. Бесінші, демократиялық қағдидатты сақтау, бұл - бір қатысушы, бір дауыс принципінің енгізілуі. Алтыншы, өз қатысушыларына тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өзіндік құны бойынша өткізу қағидатын енгізу. Жетінші, өзара қарым-қатынасты реттеуде диспозивті нормаларды қолдануды шектен тыс нақтылауды алып тастау», - деді А.Мамытбеков. Осыдан кейін депутаттар Заң жобасын талқылап, оны бірауыздан мақұлдады.
11:47, 23 Қыркүйек 2015
А.Мамытбеков елімізде кооперацияның дамуын тежейтін негізгі кедергілерді атады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытудың 6 кедергісі бар. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы» ҚР Заңының жобасы туралы баяндама жасаған еліміздің Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.