А. Мамытбеков: Facebook және Twitter әлеуметтік желілеріне келіп түскен сауалдарға жеке өзім жауап беремін
11:45, 06 Наурыз 2013
АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының қоғамдық қабылдау бөлмесінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков азаматтарды қабылдап жатыр.
«Қордаланған барлық мәселелерді тыңдауға дайынбыз. Бұл өз кезегінде билік пен халық арасындағы кедергілерді төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бүгінгі қоғамдық қабылдауда министрліктің бірқатар қызметкерлері осы жерде тиісті кеңестер беріп, нақты мәселелердің шешімін табуға көмектеседі»,-деді министр.
А. Мамытбековтың айтуынша, азаматтар қоятын сұрақтар көбінесе мемлекеттік қолдау шаралары жайында кеңінен түсінік беруге қатысты, несиелер алу және несиелік қолдау көрсету, ауыл шаруашылығы саласында жұмысқа тұру, сондай-ақ саладағы басқа да мәселелерді қамтиды.
«Бұдан бөлек, Facebook және Twitter әлеуметтік желілерінде де келіп түскен сауалдарға жеке өзім жауап беремін»,-деп түйді ведомство басшысы.