Бұл туралы бүгін Үкіметтегі селекторлық кеңес барысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.
«Тұқыммен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталатын болсақ, барлық облыстар қамтамасыз ету жоғары деңгейде екенін жариялап отыр. Бүгінде барша тұқым көлемінің 77,4 пайызы тексерілді. Оның ішінде тиісті талаптарға 76,8 пайызы сай келеді»,-деп атап өтті министр.
А. Мамытбековтың сөзіне қарағанда, бұл жұмыстар бұдан ары қарай жалғасатын болады.