А.Мамытбеков ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ұжымына жаңа вице-министрді таныстырды

None
АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков ұжымға жаңа вице-министр Мүслім Өмірияевты таныстырды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Мүслім Өмірияев бұрын «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында басқарма төрағасының орынбасары қызметінде болған.

Бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министрі Сақташ Хасенов Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөндірістік кешенінің мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы болып тағайындалды.