А. Мамытбеков орынбасарының пара алғандығы дәлелденсе, қызметінен кетуге дайын

АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков орынбасары Мүслім Өміряевтың пара алғандығы дәлелденсе қызметінен кетуге дайын екендігін мәлім етті.

Еліміздің Конституциясына сәйкес адамның кінәсі сотпен ғана анықталады. Өміряевтың жемқорлық қылмыс жасағандығына байланысты соттың үкімі шығатын болса, онда мен отставкаға кетуге дайынмын», - деді А.Мамытбеков.

Естеріңізге сала кетейік, осы жексенбі күні қаржы полициясы М.Өмірияевті мемлекеттік сатып алулар бойынша оң шешім шығарғанына 100 мың доллар көлемінде пара алған деген күдікпен ұстаған болатын.