А. Меркель ЕО-мен дауға байланысты Қытайға көмектесетінін уәде етті
17:02, 27 Мамыр 2013
АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Германия Канцлері Ангела Меркель Қытай мен Еуропалық одақ арасындағы сауда жанжалын шешуге тырысатындығын мәлімдеді. Бұл туралы ВВС хабарлады.
Бейжіңге сапары барысында Меркель аталған тақырыпта Қытайдың премьер-министрі Ли Кэцянмен сөз қозғады.
Атап айтқанда, Германия Қытайдың Еуропадағы ірі сауда әріптесі болып табылады. Кэцян Еуропалық комиссияның Қытайдан жеткізілетін күн батареяларына жоғары тарифтер енгізу туралы жоспарын сынға алды.