«Ірі халықаралық додада ел намысын 135 спортшы қорғады, бұл біздің елде аталған спорт түрінің қарқынды дамып келе жатқандығын тағы бір мәрте дәлелдейді. Қазіргі таңда спорттың осы түріне баулитын секциялар еліміздің 12 облысында және екі қаласында жұмыс істейді әрі онда 10 мыңнан астам қазақстандық жаттығады. Бұл осы спортқа қызығушылықтың өте жоғары екендігін көрсетеді. Сіздер бұдан кейін де халықаралық додаларда ел мерейін үстем етіп, намысымызды қорғайсыздар деп сенеміз», - деп атап өтті министр.
Еске сала кетейік, Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасы Әбу-Дабиде өткен кәсіпқойлар арасындағы әлем чемпионатында 51 награда еншіледі. Оған әлемнің 100 елінен 5 мыңнан астам спортшы қатысқан болатын.