А.Мұхамедиұлы: Соңғы 5 жылда қазақ фильмдері көрермендерінің саны 400 есеге артты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы 5 жылда қазақ фильмдері көрермендерінің саны 400 есеге артты. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

«Соңғы 5 жылдың ішінде кинотеатрларда көрсетілетін қазақ фильмдерінің көрермендері саны 400 есеге артты. Бұл, әрине, біздің өнер туындыларымызға деген қызығушылықтың артып келе жатқандығын паш етеді», - деді ол.

Оның атап өтуінше, бүгінгі таңда отандық кинолардың сапасы артып, Ә.Ержанов, Ш.Оразбаева, А.Сатаев сынды дарынды режиссерлердің туындылары халықаралық байқауларда да көрсетілуде.

«Мәселен А.Сатаев философиялық режиссер. Оның «Адасқандар» фильмі кино майталмандары тарабынан өте сәтті, философиялық туынды деген бағасын алған болатын. Бұл тұрғыда Е.Тұрсынов та өте жемісті жұмыс істеуде», -деді министр.