Сенатор аталған комитетке ауысу туралы өзі өтініш жасаған. Депутаттың бір тұрақты комитеттен екіншісіне ауысуы туралы шешімді палата депутаттары қабылдайды. Осыған байланысты сенаторлар аталған мәселені дауысқа салып, бірауыздан қолдау тапты.
Еске сала кетейік, А. Мұсаханов Сенат депутаттығына 2014 жылы Алматы облысынан сайланған болатын.