«2010 жылғы 1-2 желтоқсан күндері Астана қаласында өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының VII саммиті жұмысының аса жоғары деңгейде ұйымдастырылуына қосқан жеке үлесіңіз бен осы орайда көрсеткен кәсіби біліктілігіңіз үшін сізге алғысымды білдіріп, зор денсаулық, өміріңізге бақыт және жауапты қызметіңізде жаңа табыстар тілеймін», - делінген алғыс хатта.
Естеріңізге сала кетейік, 1-2 желтоқсан күндері Астанада өткен ЕҚЫҰ-ның саммиті кезінде Еуразия ұлттық университетінің ұжымы дипломатиялық қызмет және Президент әкімшілігімен белсенді қарым-қатынас орнатып, еліміз үшін аса маңызды шараның аса жоғары деңгейде өтуіне мол үлес қосқан болатын. Бұл жұмыстың зор нәтиже бергенін Мемлекеттік хатшы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев та Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өткен салтанатты шарада айрықша атап өткен еді.