А.Мырзахметов агроөнеркәсіптік кешендегі салалық одақ басшыларымен агробизнестің өзекті мәселелерін талқылады
Кеңес барысында агробизнестің проблемалық мәселелері талқыланды.
Салалық бірлестіктердің өкілдері негізінен агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау жүйесін реформалау және қаржыландырудың жеткіліксіздігі жөніндегі мәселелерді көтерді. Сондай-ақ, мал шаруашылығы саласындағы бірлестіктер ветеринарлық қауіпсіздікті қамсыздандыру, экспорттық/импорттық кедергілер, құс өсіру шаруашылықтарын жемдік дәнмен қамтамасыз ету бойынша мәселелер сөз етілді.
«Өсімдік өсіру саласындағы бірлестікте саладағы сумен қамтамасыз ету, фитосанитарлық талаптарға сәйкес келмейтін өнімді алып келу кезінде туындайтын қауіп, электрондық астық қолхаттарын енгізу мерзімдері және басқа да проблемалар жайында сөз қозғалды.Тағамдық өнім өндірушілері кәсіпорындарды шикізат базасымен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілер үшін 2018 жылдан бастап, ҚҚС төлеу бойынша жеңілдікті режимдерді алып тастау, сауда орындарымен өзара іс-әрекет проблемалары және басқа да мәселелерді көтерді», делінген хабарламада.
Ауыл шаруашылығы министрі кездесуде көтеріліп отырған мәселелердің көпшілігі министрлікте қаралып, әзірленген Агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізді. Аталған жоспар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
Бұған қоса, Ауыл шаруашылығы министрі осы мәселелердің барлығын қазіргі кезде Министрлікте мемлекеттік органдардың, бизнестің, ғылым өкілдерінің, сарапшылардың - бүкіл мүдделі тараптың өкілдерінің қатысуымен құрылып жатқан саланы субсидиялау жүйесін реформалау, кооперацияны дамыту және жеке қосалқы шаруашылықтардың жағдайын жақсарту жөніндегі жұмыс топтарының шеңберінде қарастыруды ұсынды.
Сондай-ақ, Министр өзінің төрағалығымен арнайы кеңес құруына дайын екендігін атап өтті. Бұл кеңес Министрлік пен агробизнес арасында тұрақты сындарлы сұхбат жүргізуге ықпал етеді.
Анықтама үшін: Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінде 23-і «Атамекен» ҰКП-да аккредиттелген 37 салалық одақ, қауымдастық және ірі қара мал тұқымдарының республикалық палаталары қызмет етеді.