Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша вирустан қорғанудың алдын алу шаралары тұрғысында қорғамдық орындарға шектеу қою, ауру бар ошақтарда адамдардың перделерді тағуы, жеке басты гигиенаны сақтау, ғимараттың ішін желдетіп тұру, сондай-ақ дезинфекциялық тәртіпті күшейту маңызды саналады.
Осы орайда витаминдік тағамдарды көп пайдалану керектігіне тоқталған ол, «атап айтқанда, ел азаматтары ұялмай-ақ бет перделерді қолданулары керек», деді.
«Бұл - тұмаудың жаңа түрі. Оған иммунитеттің қарсы тұруы қиынға түседі. Ал кәдімгі тұмауға қарағанда, оны жұқтыру қаупі жоғары саналады», деді Ж. Бекшин.