«А/Н1N1 тұмауы бойынша эпидемиологиялық жағдай дүниежүзінде, оның ішінде Қазақстан Республикасында да ушығып келеді. Осындай жағдайда мектептерді уақытша жабу шаралары қабылдану мүмкіндігі жоққа шығарылмайды», деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев жеке Интернет-блогында өзіне қойылған сауалға берген жауабында.
«Ол үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми құжаты қабылданатын болады», деп атап көрсетті министр өз жауабында.
Блогтағы тағы бір сауалға жауап берген Ж.Досқалиев, А/Н1N1 тұмау пандемиясынан республика халқын қорғау жөніндегі жағдайдың Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында екенін атап көрсетті.
Министр сондай-ақ, жақында Астанаға 147 мың маска мен оксолин майының 7 мың қорабы жеткізілгенін еске салды. Астана әкімдігінің ақпараты бойынша, емханалар мен стационарлардың қызметкерлері үшін маскалар, оксолин майы мен басқа да дәрі-дәрмектерді сатып алуға елорда резервінен 149 миллион теңге бөлінген.