деп хаьбарлайды ҚазАқпарат.
Мәдениет министрлігінің мәліметінше, кеште Мәскеу қаласында 15 рет жаңа редакциямен басылып шыққан жазушының әйгілі «Қан мен тер» трилогиясының, «Әбе» атты деректі фильм мен жаңа кітаптың тұсаукесерлері болады. «Өткен XX ғасыр қазақ әдебиетінің алтын ғасыры атала бастады. Оның осылай аталуына мол сыбаға қосқан суреткерлердің бірі Әбдіжәмил Нұрпейісов екендігіне дау жоқ. Көзі тірісінде атағы жер жарған Әбдіжәмілдің «Қан мен тер» трилогиясы, басқа да шығармалары отыз шақты шетел тілдеріне аударылып, әдебиетімізді дүние жүзіне танытты, әлем әдебиетшілері қасқа-жайсаңдарының үздік бағасына ие болды», делінген Мәдениет министрлігінің таратқан хабарламасында. Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов 1924 жылы қазанның 22-сінде Қызылорда облысы Арал ауданының Құланды поселкесінің Үшкөң ауылында туған. 1942 жылы орта мектепті тәмамдасымен армия қатарына шақырылған өрімдей жас Әбдіжәмил Оңтүстік және Прибалтика майданында соғысқа қатысады. Екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталады.