А.Полторанин Францияда Әлем кубогының кезеңінде жеңіске жетті

None
АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - Шаңғы жарыстары бойынша Францияның Ля-Клузінде өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің ерлер арасындағы классикалық стильмен 15 шақырымға масс-стартта қазақстандық спортшы Александр Полторанин жеңімпаз болды.

Vesti.kz сайтының жазуынша, бүкіл жарыс жолы бойы Полтораниннің соңынан қарсыластардың үлкен тобы еріп отырды және барлығы қашықтықтың соңғы метрлерінде шешілді. Мәреге жете берісте ресейлік Александр Бессмертных жеңістен қолын көтере бергенде, Полторанин сызық бойын бернеше секунд бұрын кесіп өтіп үлгерді.

Алдымен хаттамаларда бірінші орында Бессмертныхтың аты-жөні пайда болды, бірақ шаңғышылардың мәреге жеткендегі бейнежазуын қайта қарап шыққаннан кейін, қазақстандық спортшы бірінші болғандығы анық болды.

Шаңғы жарыстары. Әлем кубогы. 7-інші кезең. Ля-Клуза (Франция)

Ерлер. Масс-старт, 15 шақырым (классикалық стиль):

1. Алексей Полторанин (Қазақстан) - 37:11,6;

2. Александр Бессмертных (Ресей) +0;

3. Дарио Колонья (Швейцария) +0,3;

...33. Евгений Величко (Қазақстан) +36,6

45. Сергей Черепанов (Қазақстан) +1:22,2

66. Евгений Кошевой (Қазақстан) +2:53,1