Бұл туралы Әзірбайжанның мемлекеттік агенттігіне сілтеме жасап РБК агенттігі хабарлады.
А.Пугачева өзінің 60 жылдық мерейтойына арналған «Сәуірден сәуірге дейін» қоштасу турнесі аясында кеше Бакуде концерт берді. Концертті тамашалағандардың ішінде Әзірбайжан Президенті де болды, Ильхам Әлиев концерттен кейін әншімен кездесті.
Естеріңізге сала кетейік, сәуірдің 15-інде әнші 60 жасқа толды. Әнші мерейтойын бір жылға созылатын гастрольдік турмен атап өтіп, содан кейін сахнадан кету туралы шешім қабылдап отыр. Мәскеуде басталған тур бұрынғы КСРО-ның 15 республикасында, АҚШ-та, Израиль мен Германияда өтеді.