А.Рахметулин өз сөзінде мамандандырылған магистратураны бітірген судьялыққа кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптарын күшейту мәселесіне тоқталды.
«21-22 жас бұл жоғары заңгерлік білім алу кезеңі. 25-27 жас Сот төрелігі институтына магистратурада білім алу үшін түсетін уақыт. 28-29 жаста бір жылдан үш жылға дейінгі сынақ мерзімімен сот лауазымына тағайындалу үшін байқауға қатысуы қажет», деді Сот алқасының төрағасы.
Оның сөзіне қарағанда, одан кейін 30-32 жаста Президенттің судья лауазымына тағайындау туралы Жарлығы шығуы керек.
«Мамандандырылған магистратурада судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсыру барысында міндетті психологиялық тестілеу енгізу қажет», - деді ол.