Оның айтуынша, бүгінде отандық автомобиль өндірісі дәнекерлеу бойынша да, бояу жұмыстары бойынша да жылына шамамен 80 мың көліктік межені орындап отыр.
«Құрастыру жұмыстарын 60 мың көлік көлемінде жасай аламыз, бірақ биыл Ресейден ағылған көліктердің әсерінен батқан шығынның орнын толтыру қиын болады. Дегенмен оптимистік сценарий бойынша біз биыл 30 мың автокөлік, ал пессимистік болжам бойынша 20 мың көлік өндіреміз», - деді А. Рау.