Комиссия төрағасы болып ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, оның екі орынбасары - «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед пен екінші орынбасары (келісім бойынша) «Жақсылық» шаруа қожалығының басшысы, қоғам қайраткері Жақсылық Үшкемпіров болып бекітілді.
Айта кетейік, жаңадан құрылған Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев та комиссия құрамында.
Сонымен қатар, «Болашақ» жастар қозғалысының жетекшісі Дәурен Бабамұратов (келісім бойынша), «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» қоғамдық қорының президенті Зәуреш Батталова (келісім бойынша), саясаттанушы Айдос Сарым (келісім бойынша)Болатхан Тайжан қорының президенті Мұхтар Тайжан (келісім бойынша), Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Жармахан Тұяқбай (келісім бойынша), «Жалын» журналының бас редакторы Мұхтар Шаханов (келісім бойынша) және тағы басқа адамдар комиссия құрамына енді.
20:39, 12 Мамыр 2016
А.Сарым, М.Тайжан, Ж.Тұяқбай мен М.Шахановтар Жер реформасы жөніндегі комиссия құрамына қосылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 12 мамыр күні ҚР Үкіметі жанынан Жер реформасы жөніндегі комиссия құрылып, оның төрағасы, төраға орынбасары мен комиссияға мүше азаматтардың тізімі бекітілді.