А. Шпекбаев ҚР Мемқызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы орынбасарлығынан босатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.