Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Заң жобасында жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерінің түрлері, оларды қолдану негіздері және басқа да ережелер қарастырылған.
18 заңнамалық актіге – 7 Кодекс пен 11 Заңға түзету енгізу жоспарланған. Үкімет басшысы Заң жобасын осы жылдың 4 ақпанына дейін Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізуді тапсырды.
«Заң жобасын талқылауға жұртшылық пен сарапшыларды тартуды тапсырамын», — деді Ә. Смайылов.