Ә.Смайылов ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Ә.А. Смайыловты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындау туралы

Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2015 жылғы 11 желтоқсан

№ 132