А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды
19:29, 12 Наурыз 2013
АЛМАТЫ. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Алматы қаласы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті «А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі» РМКК-нің директорына қатысты ҚР ҚК-нің 311 бабы, 2 бөлімі (пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғады. Ол ағымдағы жылдың 27 ақпанында училищенің ғимаратында мекемені жалға алу келісімін ұзартуға қол қойғаны үшін 3 300 АҚШ доллары сомасында пара алған, деп хабарланды қаржы полициясынан.
А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің қазіргі басшылығы бұл оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартты.