«Ол жайында пікір айтудың өзі артық, мен тағы қайталап айтамын, жарыста әділ жеңдім. Бұл менің атым арқылы алаяқтық жасаудың амалы деп санаймын. Прокурорда айқын дәлел жоқ болған соң ол оны БАҚ арқылы жалпақ жұртқа жайып салды. Бұл дұрыс емес қой. Тіпті бұл кім үшін керек екенін де түсінбеймін», - деді ол бүгін тілшілерге берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, Бельгия прокуратурасы Александр Винокуров пен ресейлік спортшы Александр Колобневке жемқорлық бойынша айып тақты. Sudinfo.be басылымының ақпараты бойынша, А.Винокуров 2010 жылы «Льеж - Бастонь - Льеж» атты бельгиялық жарыста жеңіске жету үшін А.Колобневке 150 мың еуро төлеген көрінеді. Сот отырысы бірнеше айлардан кейін өтеді деп жоспарлануда.