Бұл ақпаратты sport.gazeta.kz сайты таратып отыр.
Аталған сайтта жарияланған мәліметтерге қарағанда, велошабандоз жылдың басты бәсекесі «Джиро д'Италия» жарысына дейін ақпанның 10-14-і аралығында өтетін «Жерорта теңізі туры» көпкүндігіне қатысады. Ол бұған дейін бұл көпкүндікке 2001 жылы немістің «Дойче Телеком» командасының құрамында қатысқан болатын.
А.Винокуров бұдан кейін наурыздың 10-16-сы аралығында «Тиррено-Адриатико», сәуірдің 20-23-інде «Джиро дель Трентино» көпкүндіктерінде, сәуірдің 26-сында «Льеж-Бастонь-Льеж» жарысында бақ сынамақ. Ал мамырдың 8-20-сы аралығында «Джиро д'Италия» көпкүндігінде жарыс жолына шықпақ.