А. Винокуровқа 1 млн. теңгенің чегі тапсырылды

АСТАНА. 15 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Лондон Олимпиадасының чемпионы, қазақстандық велошабандоз Александр Винокуровтың кәсіби мансабын аяқтауға байланысты веложарыс өтті.

Кәсіби велошабандоздар чемпионның есіміне орайластыра «Вино» деп аталған бірінші олимпиадалық критериумге қатысты. Бұл додаға облыстардың және Астана мен Алматының құрамаларынан жүзден астам спортшы қатысты.

Олимпиадалық критериум аяқталғаннан кейін А.Винокуровтың, елорда әкімдігі, министрліктер мен Қазақстандағы шетелдік дипмиссиялар өкілдерінің, сондай-ақ оған қатысуға ниет білдірген азаматтармен бірге веложарыс өтті.

Шара аясында Ақтөбе облысы әкімдігі А. Винокуровтың Олимпиададағы жүлдесі үшін 1 млн. теңгенің чегін тапсырды.