«Бүгінде бұл індет бойынша жағдай проблемалы емес, себебі вирусты гепатит емдеу мекемелері тарапынан бақыланып отырады. Атап айтқанда бұл бақылауда ұстауға болатын инфекция. Бүгінде «А» вирустық гепатит ауруына шалдығу үрдісі төмендеп келеді»,-деді ол.
Дәрігердің сөзіне қарағанда, бүгінде қалалық инфекциялық аурухананың тіркеуінде 65 адам бар. Оның ішінде 40-ы балалар болса, қалған 25-і ересек адамдар. Өткен жылы аталған ауру бойынша 80-ге жуық оқиға тіркелсе, оның алдағы жылдары көрсеткіш бұдан көптеу болған.
«Ауру жаз және күз мерзімінде жұғады. Осы кезеңде жыл сайын көбінесе бұл індетпен жеткіншектер түседі»,-деді А. Жаңбыршынова. Осы орайда ол қайнатылған суды пайдалау керектігі жайында, жеке тазалықты сақтау, сондай-ақ жеміс-жидектер мен көкөністерді міндетті түрде қайнатылған сумен жуу керектігін айтып өтті.
Таратылған мәліметке қарағанда, ауруға шалдығу көбінесе 2-9 жас аралығындағы балалар арасында кездеседі. «А» вирустық гепатит дертін жұқтырудың жоғары көрсеткіші Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында тіркелуде.