А вирустық гепатитінің таралуы қай жылдары жоғарылайды
«Қазақстан Республикасында 2017 жылдың қорытындысы бойынша А вирусты гепатитінің 583 жағдайы тіркелген, 2016 жылмен салыстырғанда ол 43,5 пайызға жоғары. А вирустық гепатиті аурушаңдығына циклдық эпидпроцесс тән, яғни оның 5-6 жылда қайта көтерілуі тіркеліп отырады. Осындай көтерілу 2000, 2004, 2007 жылдары болған, ал кезекті сырқаттанушылықтың жоғарылауы 2016 жылы басталды. Сонымен қатар, оның бір себебі халық арасында иммундалмаған топтың жинақталуында», - делінген ведомствоның мәліметінде.
Комитеттің хабарлауынша, сырқаттану деңгейінің республикалық көрсеткіштерден жоғары болуы Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында және Астана, Алматы қалаларында байқалып отыр.
«Тұтастай алғанда, еліміз бойынша А вирустық гепатитінің қарқынды төмендеуі байқалады, яғни 2000 жылдан бастап 23 256 жағдай, ал 2017 жылы ауруға шалдығудың 583 оқиғасы тіркелді. Бұл тұрғыда 47 есе төмендегенін байқап отырмыз», - дейді Комитет өкілдері.