Ә. Жақсыбеков елордалықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда әкімі Ә. Жақсыбеков қала тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мейрамымен құттықтады. Бұл туралы елорданың ресми сайты хабарлады.

«Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Әз Наурыз халқымызда жаңа жылдың бастауын, табиғат ананың қайта жаңғыруын білдіреді. Көктемнің осынау ғажайып мерекесі ежелден ырыс пен берекенің, молшылық пен жаңашылдықтың жаршысы саналған. Күн мен түннің теңесіп, дүниенің жайнайтын сәті Қазақ еліне жақсылығын ала келсін. Ұлыс оң, ақ мол болсын! Наурыз мейрамы баршамызға құтты болсын!

Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға ырыс пен береке, еңбектеріңізге мол табыс тілеймін!», делінген қала әкімінің құттықтауында.