АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Ұлттық музейінде «Дарын-2008» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Айдар Жамхан мен Астана қаласы Қазақ суретшілер қауымдастығының мүшесі Шахмардан Айдостың «Жамбыл Жабаев» картинасының тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды Ұлттық музейдің ақпаратық-имидждік қызметі.
Картинада қолында домбырасы бар, басына қара-қоңыр түсті бөрік, үстіне ұлттық шапан киген ақын бейнеленген. Сонымен қатар, туындыдан қызыл жолбарыстың бейнесін және басқұр, кілем, түскиіздің элементтерін көруге болады. Композицияның оң жағында қазақтың кең даласы мен аспаны, асқар таудың бейнесі бар.
Іс-шараға ақын-жазушылар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысады.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.