АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда Қазақстанда интернетке кіру 70 пайыздан асты. Бұл туралы бүгін елордада басталған Байланыс саласындағы өңірлік ынтымақтастықтың Байланыс әкімшілігі кеңесінің 49-шы бірлескен отырысы және БСӨЫ жанындағы ақпараттандыру бойынша ТМД-ға қатысушы елдердің Үйлестіру кеңесінің 20-шы бірлескен отырысы кезінде
ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы Асқар Жұмағалиев мәлім етті. «Бүгінгі таңда Қазақстанда интернетке кіру көрсеткіші 70 пайыздан асып жығылды. Ал ұялы байланысқа кіруде біз 160 пайыздық шектен астық», - деді А. Жұмағалиев.
Сонымен бірге агенттік басшысы ауылдық елді мекендерді телефонмен жабдықтау жалғасып отырғанын баса айтты. Соның арқасында Қазақстан шалғайдағы ауылдарды ғаламтормен қамту үшін талшықты оптикалық инфрақұрылымды дамытуды жалғастыруда. «Таяу үш жылдың ішінде бұл жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз», - деді ол.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.